Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 – 533 теңгеден саудаланып жатыр.

доллары курс валют
Фото: freepik

Ұлттық банктің 15 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 530,24 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 543,97.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531 теңге. Еуро 541— 546 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге қымбаттап, 530,20 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар