Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

доллар
Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 486,01 теңгеден сатып алынады, 493,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 565,03 теңге, сату - 575,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,75 теңге;

- юань 68,42 теңгеден сатып алынады, 73,52 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 490,56 теңге, сату - 493,25 теңге;

- еуро: сатып алу - 569,95 теңге, сату - 575,53 теңге;

- рубль 6,56 - 6,69 теңге аралығында саудаланады.

- юань 69,47 - 72,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 1 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге өсіп, 488,96 теңге болды.