Қор нарығында доллар бағамы біршама өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

валюта
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге өсіп, 488,96 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 485,95 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 484,99 теңгеден сатып алынады, 491,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 564,97 теңге, сату — 574,97 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,55 теңге, сату — 6,85 теңге.
— юань: сатып алу — 68,40 теңге, сату — 73,53 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 488,93 теңгеден сатып алынады, 491,51 теңгеден сатылады. Еуро 568,91 — 574,01 теңге, ал рубль 6,57 — 6,69 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,39 теңгеден сатып алынады, 71,99 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге өсіп, 485,95 теңге болды.