Доллар сауда-саттықта сәл арзандады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда қорытындыланды.

Доллар сауда-саттықта сәл арзандады
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда бойынша доллардың орташа бағамы 471,04 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,13 теңге төмен.

Қазақстан Ұлттық банкінің 7 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 472,03 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 468,19 теңгеден сатып алып, 475,19 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы — 536,03 теңге, сату бағасы — 546,03 теңге, ал рубльдің сатып алу бағасы — 5,70 теңге, сату бағасы — 6 теңге.

Алматыда АҚШ валютасы орта есеппен 470,62 теңгеден сатып алынып, 473,08 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 537,50–542,92 теңге аралығында, ал рубль 5,88–6,01 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы — орта есеппен 471,83 теңге, сату бағасы — 473,88 теңге. Еуро 537,67-543,94 теңге аралығында, ал рубль 5,84-5,93 теңге шамасында.

Еске салайық, 3 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,03 теңге болған еді. Ол кезде көрсеткіш 2,39 теңге төмендеген.