Доллар үшінші күн қатарынан арзандап келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.

Курсы валют
Коллаж: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,68 теңгеге түсіп, 469,52 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 471,46 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 552,00 теңге, сату — 562,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,99 теңге, сату — 6,30 теңге.
— юань: сатып алу — 68,56 теңге, сату — 74,18 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,53 теңгеден сатып алынады, 471,06 теңгеден сатылады. Еуро 552,20 — 557,68 теңге, ал рубль 6,04 — 6,17 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,60 теңгеден сатып алынады, 71,57 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 16 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,61 теңгеге арзандап, 471,46 теңге болды.

Оған дейін 15 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге түсіп, 474,08 теңге болды. 

Соңғы жаңалықтар