Дональд Трамп Илон Маскпен сұхбаттасады
АСТАНА. KAZINFORM — Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп дүйсенбі күні Илон Маскке сұхбат беретінін айтты, деп жазады ТАСС.
«Дүйсенбі күні кешке Илон Маскпен үлкен сұхбат болады», - деп жазды ол Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамп пен Масктың алдағы сұхбатының форматы мен тақырыбы туралы ақпарат әзірге берілмеді.
Бұған қоса, Трамп өткен дүйсенбіде стример Эдин Росске берген сұхбаты Kick стримингтік платформасында рекорд жаңартқанын айтты.
Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп вице-президент Камала Харриспен дебат өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Журналистермен телефон конференциясы кезінде Д. Трамп вице-президент К.Харриспен пікірталас өткізетінін айтты. Ол дебаттың ABC News арнасы немесе басқа платформада өтетініне қарамастан, «бірнеше пікірталас өткізуге дайын» екенін мәлімдеді.