Дональд Трамп Қытайға барады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп 13-15 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Трамп
Фото: Armenpress

— Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен АҚШ президенті Дональд Трамп 13-15 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады, — делінген Қытай Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының хабарламасында.

Айта кетейік, Дональд Трамп Си Цзиньпиннен Иранға қару сатпауын өтінген болатын. 

Бұған дейін АҚШ президенті Шығыстағы жағдайға байланысты Қытайға сапарын кейінге қалдырған еді. Ол Бейжіңге сапарын және Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен сәуір айының басына жоспарланған кездесуін бір айға шегеруді сұрағанын мәлімдеді.