Дональд Трамп өткен медициналық тексерудің нәтижесі белгілі болды

АСТАНА.KAZINFORM - Дональд Трамптың «когнитивті және физикалық жағдайы өте жақсы» деп жазды оның Ақ үйдегі дәрігері анықтамасында, деп хабарлайды ВВС.

Дональд Трамп өткен медициналық тексерудің нәтижесі белгілі болды
Фото: newyorker.com

Дональд Трамп президент ретіндегі екінші мерзімі басталғаннан бері алғашқы медициналық тексеруден өтті. Ол Мэриленд штатындағы «Уолтер Рид» әскери ауруханасында тексеруден өтіп, бұл процесс бес сағатқа созылды.

Өткен шілдеде жасалған шабуылдан кейін Трамптың «оң құлағында оқ тиген тыртық» қалған.

— Президент Трамптың денсаулығы өте жақсы, оған жүрек, өкпе жұмысы, неврологиялық және физикалық күйі дәлел, — делінген оның дәрігері капитан Шон Барбабелланың жексенбі, 13 сәуірде Ақ үй таратқан мәлімдемесінде.

Трамп 78 жасында қызметке кіріскен ең қарт президент. Оның алдындағы президент Джо Байден қызметінен кетер алдында 82 жаста болды.

Бұған дейін америкалық президент жоспарлы медициналық тексеру кезінде деменция сынағынан өткенін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар