Допты хоккей: «Ақжайық» финалдық сайыста қай командалармен кездесетіні белгілі болды

ОРАЛ. KAZINFORM -  6-12 наурыз аралығында Ресейдің Иркутск қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық ойындары өтеді.

Допты хоккей: Финалдық сайыста «Ақжайықтың» қай командалармен кездесетіні белгілі болды
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Финалдық кезеңге үш топтан 12 үздік команда жолдама алды.

Екі топқа бөлінген клубтар «Байкал» мұз сарайы мен «Рекорд» стадионында кездесулерін өткізеді.

Оралдың «Ақжайығы» Б тобында бақ сынайды. Қарсыластары: «Строитель-Сыктывкар» (Сыктывкар), «Енисей-2» (Красноярск), «Кузбасс-2» (Кемерово) және «Динамо-2» (Мәскеу).

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар 7 наурыз күні алғашқы матчын «СКА-Уральский трубник-2» (Екатеринбург) командасымен өткізеді. Бұл клуб батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені екеуі бір топта ойнап, «Ақжайық» үшінші, «СКА-Уральский трубник-2» командасы төртінші орынға ие болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» шабуылшысы жоғары лигада ең сұрмерген ойыншы атанғанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар