ДСҰ: Қазақстан әлеммен барынша ықпалдаса түсу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек - Ч.Осакве
«Жеке секторда жұмыс істеген әрбір адам бизнес саласының бәсекеге қабілеттігін сақтау үшін үнемі қолдау көрсету қажеттігін жақсы біледі. Бәсекелестіктің қандай екендігін Олимпиада чемпиондарынан сұрау керек. Сіздер жаңа технологиялар, жаңа білім алу үшін, әлемдік қоғамдастықпен барынша ықпалдаса түсу үшін шекараларыңызды ашуларыңызға тура келеді. Жаһандық экономиканың басымдығы өте зор», - деді ол.
Осы ретте ол кез келген үкімет, бизнестің кез келген өкілі, барлық халық барынша бәсекеге қабілетті болуы керектігін баса айтты.
«Дегенмен, бұл процесте жақсы қолбасшының мығым қолы қажет. Ал біз мұны Қазақстаннан көріп отырмыз», - деді Ч.Осакве.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қатысты келіссөздерін 1996 жылдың қаңтар айында бастаған болатын.
19 жылға созылған күрделі келіссөздер осы жылдың 10 маусымында табысты аяқталған еді. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қоятын болады.