Дүниежүзілік банк Қазақстандағы энергия үнемдеу бойынша бірқатар жобаны қаржыландырады - А.Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк Қазақстанда энергия үнемдеу бойынша жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетеді, деп хабарлады бүгін «Қазақстанда энергия тиімділігін қаржыландыру және жүзеге асыру тетіктері» конференциясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, деп жазады primeminister.kz сайты.
None
None

«Энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру біз үшін өте өзекті. Гранттық келісімге дайындалып, оған сәйкес Қазақстан қаржыландыруға ие болады, сосын біз мектептер мен ауруханалардың белгілі санымен пилоттық жобаларды жүзеге асыра аламыз, сонда адамдар сомасы жағынан қомақты болмаса да, үнемдеу бойынша іс-шаралардың орындалуы жағынан өте тиімді екенін көре алады», - деді А.Рау. Оның айтуынша, Қазақстанда ЖІӨ-нің нақты энергия сыйымдылығы 13,5%-ға төмендеді. «Индустриаландырудың алғашқы бесжылдығында мемлекет басшысы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10%-ға азайтуды тапсырды. Нақты Қазақстанда энергия сыйымдылығы 13,5%-ға төмендеді, энергияны үнемдеу және тиімділікті арттыру туралы заң қабылданды», - деп басып айтты ол.

Бұдан өзге, ол 2014 жылдан бастап Қазақстанның ірі энергия тұтынушыларының мемлекеттік энергетикалық тізілімі жұмыс жасайтынын, ол жылына 1,5 мыңнан астам тонна шартты отын шығындайтынын атап өтті.

«Энергия үнемдеуді дамытуға барлық қажетті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта осы нормаларды, тетіктерді жүзеге асырудың практикалық кезеңі жүргізілуде. Ағымдағы жыл өте маңызды, өйткені біз компания энергоаудитіне келдік, тізілімге енген барлық компаниялар энергоаудиттен өтуі тиіс», - деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар