14:42, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Дүниежүзілік мұнай кеңесінің бір отырысы Астанада өтетін болды
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік мұнай кеңесінің бір отырысы елордада өтеді.

Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумы барысындағы баспасөз мәслихатында KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Еуразиялық форумы барысында аталған отырысты өткізу бойынша Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Ренато Бертанимен келіссөздер барысында қол жеткізілген. Ал ондағы қаралатын мәселе қазақстандық қамту мен технология трансферті тұрғысында болмақ.