Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының міндеті - Қазақстанда өзінің ең үздік мәжілісін өткізу - Д.Бернардет

АНА.  Қыркүйектің  25-і.  ҚазАқпарат /Гүлнәр  Жандағұлова/ - Дүниежүзілік  туристік     ұйымның Бас ассамблеясының да,  Қазақстан  Үкіметінің  де    міндеті -   Қазақстанда    ассамблеяның  ең   үздік  мәжілісін  өткізу.  Бұл туралы жұма күні  өткен баспасөз мәслихатында  Дүниежүзілік  туристік     ұйымның Бас ассамблеясының  (ЮНВТО)  конференциялар, аударма  және   құжаттар  бөлімінің  жетекшісі   Доменик  Бернардет      ханым мәлім  етті.
None
None

   «Біздің   міндетіміз,   Дүниежүзілік  туристік     ұйымның Бас ассамблеясының  да,  Қазақстан  Үкіметінің  де,-  бұрын-соңғы өткізілмеген   ең  үздік    мәжіліс өткізу»,  деді  Д.Бернардет   ханым.

    Қазанның  2-сі мен 9-ы аралығында  Астанада  өтетін Бүкіләлемдік туристік ұйымның   Бас Ассамблеясының    18-ші сессиясына     145  елден    келетін  500-ге жуық қатысушы     туризм саласындағы  әлемдік  үрдістерді  талқылайды.  Бұл айтулы оқиға   Бас   ассамблея тарихындағы маңызды  кезең   болмақ, себебі  онда    ұйымның  бас  хатшысы    сайланады.   БҰҰ  тарихында   Туризм жөніндегі  бас  ассамблея  алғаш рет  жаңа ақпараттық-медиалық   стратегияның     қолданысымен өткізілетін болады.   Мәжілістің    барысымен     Aljazeera, CNN, BBC, Frans Press сияқты  әлемге  танымал   телекомпаниялардың  журналистері      таныстырады.

     ҚР     Туризм және  спорт  министрлігі Туризм индустриясы     комитетінің  төрайымы   Қарлығаш   Кәкеннің атап  көрсетуінше,  «бюджет  жағынан  бұл аса  қымбат  емес шара.   Қазақстанға  бұл    шара    300 миллион  теңгеге  түседі.  Бұл  сомаға  хатшылықтың  97 мүшесінің  келіп-кету,   тұрақ   шығындары  кіреді.   Қалған шығындарды  қатысушы  елдер өз мойындарына алады».

Соңғы жаңалықтар
Референдум