Универсиада: Айбота Ертайқызы Қазақстан құрамасына алғашқы медальды алып берді

АСТАНА. KAZINFORM - ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы қола жүлдегер атанып, құрама қоржынына түскен алғашқы медальға қол жеткізді.

Ақбота Ертайқызы
Фото: sportpress.kz

Отандасымыз көркем гимнастикадан жекелей сындағы таспа жаттығуында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл жарыста 28.700 ұпаймен өзбекстандық Тахмина Икромова алтын алса, бейтарап мемлекет өкілі Алина Горносько 27.850 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

Ал үздік үштікті түйіндеген Айботаның еншісінде 26.600 ұпай бар.

Ал таэквондошы Дамир Шуленов Қазақстан қоржынына екінші қола медальды салды.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиада да Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар