Душанбе саммит пен «Орталық Азия — Ресей» кездесуіне қалай дайындалып жатыр

ДУШАНБЕ. KAZINFORM — Душанбе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары саммиті мен «Орталық Азия — Ресей» кездесуін өткізуге дайындалып жатыр. Осы маңызды саяси оқиғалар қарсаңында Тәжікстан астанасы түрленіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Душанбе ТМД Мемлекет басшылары саммиті мен «Орталық Азия-Ресей» кездесуіне қалай дайындалып жатыр
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform

Қаланың маңызды жерлері, соның ішінде парламент пен үкімет ғимараттары, Садриддин Айни атындағы опера және балет театрының жанындағы алаңдар ауқымды гүл инсталляцияларымен безендірілді. Қондырғылар бойынша жұмыстар әлі жалғасып жатыр, 2 миллионнан астам гүл отырғызу жоспарланған.

Душанбе саммит пен «Орталық Азия-Ресей» кездесуіне қалай дайындалып жатыр
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform

Қала әкімшілігінің айтуынша, мақсат — гүлзарлармен ел астанасын көркейтіп қана қоймай, Тәжікстанның қонақжайлығын да білдіру.

Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
саммитке дайындық
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform

Душанбеде 8-12 қазан аралығында өтетін маңызды саяси оқиғаларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеліп, ірі сауда орталықтары, базарлар мен мешіттердің жұмысы тоқтатылады.

Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге баратыны жарияланған болатын. 

Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Душанбе
Фото: Мадибек Джанибеков/Kazinform
Соңғы жаңалықтар