Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы саяси ведомстволарының арасында консультация өтті
атап айтқанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясындағы екіжақты қарым-қатынасты және өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша қазақстан-тәжік консультациясы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Консультацияның күн тәртібі сауда-экономикалық және әлеуметтік саладағы, сондай-ақ инвестициялар тарту мен бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріндегі екіжақты қазақстан-тәжік ынтымақтастығына қатысты ауқымды мәселелерді қамтыды.
Дипломаттар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын және өзара тауар айналымының оң үрдісі сақталып отырғанын атап көрсетті.
Тараптар әсіресе, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдардың ағымдағы жағдайы мен кемел келешегіне назар аударды.
Консультация аясында қазақстандық делегацияның Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Махмұтжан Собировпен кездесуі ұйымдастырылды.