Душанбеде ҚР Елшісі Ә.Ахметов Тәжікстанның Қорғаныс министрі Ш.Хайруллоевпен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат. Душанбеде Қазақстан Республикасының Елшісі Әбутәліп Ахметов Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Шералы Хайруллоевпен кездесті,

Душанбеде ҚР Елшісі Ә.Ахметов Тәжікстанның Қорғаныс министрі Ш.Хайруллоевпен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіменің алдында ҚР Елшісі сұхбаттасын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаларымен таныстырды.Кездесу барысында Ә.Ахметов Қазақстанның Тәжікстанмен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беріп отырғандығын әңгіме етті. Сондай-ақ ол өткен жылдардың екі ел үшін өте табысты болғандығын атап өтті. Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі Тәжікстан мен Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақтастықта екендігін, сонымен қатар, екі ел де ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға мүше екенін атап өте отырып, мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап көрсетті.