Дюссельдорфта Қазақстан экономикасының күні өтті
Іс-шара Кёльннің сауда-өнеркәсіптік палатасының және штаб-пәтері Дюссельдорфта орналасқан «METRO Cash&Carry» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
«CLAAS» концернінің ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Дитер Дюрингер Қазақстанмен агорөнеркәсіптік саладағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап көрсетті.
«Тау-Кен-Самұрық» АҚ басқармасының төрағасы Мұрат Мұртазаев пен «ThyssenKrupp Services AG» директоры Клаус Потхофф Қазақстан Республикасындағы тау-кен саласын дамытуда кәсіпорындардың арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық және германиялық іскер топтар осындай кездесулерді тұрақты жүргізіп тұруға уағдаласты. Б.Сұлтанов сапар аясында Германияның аймақтық экономикалық ведомстволарының басшы тұлғаларымен кездесу өткізді.