Дженнифер Гарнердің құрбысы Калифорниядағы орман өртінен қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM - Америкалық актриса әрі продюсер Дженнифер Гарнер орман өрті кезінде құрбысын жоғалтқанын айтты. Ол досының атын атамағанды жөн көрді, деп хабарлайды USA Today.

Бұл туралы «Оның маған айтқан соңғы сөзі» фильмінің басты жұлдызы MSNBC арнасына қысқаша сұхбат берді.
— Мен шынымен досымнан айырылдым. Бұл біздің шіркеу үшін өте ауыр сәт, сондықтан ол туралы айта берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Өрт кезінде құрбым дер кезінде сыртқа шығып үлгермей қалды, - деді Дженнифер Гарнер.
Дженнифер табиғи апаттан зардап шеккендерге және өрттен зардап шеккен Анахайм қаласының тұрғындарына көмек көрсетеді.
— Достарым үшін жүрегім қан жылайды. Қажет десеңіз үйінен айырылған 100 досымның тізімін тоқтамастан айта аламын, - деді актриса.
Бұған дейін Калифорнияда қаза тапқандар саны 16 адамға жеткені, ал құтқарушылар жойқын орман өртінен зардап шеккен барлық аймаққа әлі жете алмағаны хабарланған.
Сонымен қатар Калифорниядағы өрт мұнай мен газ жеткізіліміне қауіп төндіреді.