Джей Ло концерті: Зәкиева волонтер болған жасөспірімдерге қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Динара Зәкиева Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне кәмелетке толмағандарды ерікті ретінде тарту мәселесіне қатысты пікір білдірді.  

Динара Закиева
Фото: facebook.com/dinara.zakiyeva

Бұл туралы уәкіл әлеуметтік желіде жазды. 

— Барлық мән-жайды зерделеу және тиісті шараларды қабылдау үшін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және уәкілетті органдарға өтініш жолдадым, — деп жазды Динара Зәкиева. 

Еске салайық, бұған дейін Джей Лоның Алматыдағы концерті қалай өткенін жазғанбыз.

Айта кетелік Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталған еді

 

Соңғы жаңалықтар