Джо Байденнің жеке дәрігері оның хал-жағдайы туралы мәлімет таратты

None
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат - АҚШ президентінің дәрігері Кевин О'Коннор Ақ үй басшысында COVID-19 белгілері азайып бара жатқанын айтты. Және де ол Джо Байден коронавирустың BA.5 нұсқасымен ауырған болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ президентінің дәрігері мен оның командасы Джо Байденнің ауру белгілері азайғанын анықтады. Жеке дәрігер, доктор Кевин О'Коннордың соңғы мәлімдемесіне сәйкес, президент Джо Байденнің COVID-19 белгілері «Паксловид» препаратын қабылдағаннан кейін жақсара бастаған.

«Қазір Джо Байденде тамақ ауруы, тұмау, жөтел мен дененің әлсіздігі бар», - деді дәрігер О ' Коннор сенбідегі мәлімдемесінде. Алдын ала нәтижелер Джо Байденде вирустың BA.5 жаңа нұсқасы болуы мүмкін екенін көрсетеді. BA.5 вирусы қазіргі уақытта АҚШ-тағы жаңа инфекциялардың 80% құрайды.

Дәрігердің айтуынша, президенттің тамыр соғысы, қан қысымы, тыныс алу жиілігі, оттегі деңгейі қалыпты күйде.

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті сынақтары теріс нәтиже бермейінше оқшауланып жұмыс істейтін болады.


Фото: tass.ru
Соңғы жаңалықтар
telegram