Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Джокович Цинциннатидегі матч кезінде өзін жайсыз сезінді

АСТАНА. KAZINFORM — Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы турнирдің екінші айналымындағы матч кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

новак джокович
Фото: Instagram/djokernole

Сербиялық теннисші әлемнің 50-ракеткасы, аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеден жеңіліп қалды. Джокович бірінші партияны сенімді түрде ұтып, екінші сетте өзін жайсыз сезінді. Кейінірек Новак кортта тізерлеп құлап, артынша төреші оған медициналық үзіліс берді.

Дәрігерлердің көмегіне жүгініп, матчты жалғастыруға тырысқанымен, сербиялық теннисші өз дегеніне жете алмады. Ол 6:2, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Турнирдің үшінші айналымында Тьяго Агустин Тиранте 20 жастағы испаниялық Мартин Ландалуспен кездеседі.

«Мастерс» санатындағы турнир Цинциннатиде 13-20 тамыз аралығында өтіп жатыр. Биыл ерлер арасындағы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры — 9,4 миллион АҚШ доллары.

Цинциннатидегі турнирдің қазіргі жеңімпазы — испаниялық теннисші Карлос Алькарас.