ДЗЮДО: Бауыржан Жауынтаев - Еуропа кубогының иегері!

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Түркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында қызылордалық Бауыржан Жауынтаев жеңіс тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан 6 кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Еуропа кубогының иегері атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

ДЗЮДО: Бауыржан Жауынтаев - Еуропа кубогының иегері!

Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады. Енді Бауыржан үстіміздегі жылдың 3-10 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында болатын Еуропа кубоына қатысады. Одан кейін тағы да екі Еуропа кубогында бақ сынап, биылғы жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарында Еліміздің намысын қорғамақ.