Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында татамиге шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 9-11 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, елорда татамиінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған спортшылар бақ сынайды.

Ерлер:

-60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар.
-66 кг: Ғұсман Кырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов.
-73 кг: Саят Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Абдурахманов, Есет Қуанов.
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай.
-90 кг: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов.
-100 кг: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас.
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев.

Әйелдер:

-48 кг: Диана Буркеева.
-52 кг: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова.
-57 кг: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова.
-63 кг: Асылжан Орынбасарова.
-70 кг: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова.
-78 кг: Назерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова.
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Бапкерлік штабтың шешімімен Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева дзюдодан Мажарстанда алдағы айда өтетін әлем чемпионатына дайындалады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 4 Олимпиада чемпионы бақ сынайтынын жазған едік.

Сондай-ақ Әбиба Әбужақынова Душанбеде Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар