Е.Қазыханов Бейжіңде өтетін ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысына қатысады

БЕЙЖІҢ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бейжіңде мамырдың 10-ынан 11-іне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
None
None

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жоғары деңгейдегі кездесудің дайындығы, ұйымның болашақта дамуы мәселелерін талқылап, сондай-ақ халықаралық және аймақтық жағдайдың көкейкесті мәселелері бойынша пікірлерімен алмасады.

Кеңесте бірқатар қарарларға қол қойылып, сондай-ақ маусым айында бейжіңдік саммит кезінде ШЫҰ-ға мүше елдер мемлекеттері басшыларына бекіту үшін берілетін саясат, қауіпсіздік және экономика саласындағы құжаттар дайындалады.

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов қазақстандық делегацияға басшылық етеді. ҚХР-ға сапар аясында Е.Қазыханов ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен және Қытайдың Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездеседі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан бұл ұйымның мүшелер болып табылады. Биылғы жылы ШЫҰ-ға Қытай төрағалық етеді.

6-7 маусым күндері Бейжіңде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Соңғы жаңалықтар