Е. Ыдырысов Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы ауқымында өтетін бірқатар маңызды шаралар туралы әңгімеледі (ФОТО)

Күн тәртібіне сыртқы шекаралардағы шекаралық қауіпсіздікті нығайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара іс-қимылға, ТМД қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайларға бақылау және бағалау біріккен жүйесіне, жалпы білім беретін ұйымдар қызметкерлері педагог кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты және басқа да 16 мәселе кірді.
Кеңейтілген отырыс барысында Е.Ыдырысов Қазақстан ТМД-ға төраға болды, ҚР Президенті Н.Назарбаев 2014 жылғы 10 қазанда Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында оның бағдарламасын жариялады, деп атап өтті.
«Біздің төрағалықтың басты лейтмотиві дамыған шарттық-құқықтық базаға сәйкес сабақтастықты қамтамасыз ету, қажетті институттармен және басқа да объективті факторлармен ынтымақтастық болып табылады. Осыған байланысты сіздермен бірге біз еркін сауда аймағы туралы шарт аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі өрістетуге күш-жігерімізді жұмсаймыз. Гуманитарлық және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылды тереңдету жөнінде қосымша шараларды қолға аламыз», - деді ол.
Өз сөзінде Е. Ыдырысов отырыста қабылданған құжаттар бұған белсенді жәрдемдеседі деп айрықша атап көрсетті.
"Біздің төрағалық ауқымында Қазақстанда бірқатар ірі шаралар өткізіледі, соның ішінде Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы, Үкімет басшыларының және Сыртқы істер министрлер кеңесінің отырыстары бар», - деп түйді Е.Ыдырысов.