Е.Ыдырысов: Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялауды жеделдету қажет

БОДРУМ. ҚазАқпарат - Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялауды жеделдету қажет. Бүгін түркітілдес мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай мәлім етті, деп хабарлайды Бодурмнан ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабеков.
None
None

«Біздің ынтымақтастығымыздың басты бағыттарының бірі білім беру, ғылым және мәдениет салалары болып табылады», - деді ол.

Осыған орай ол түркі халықтарының мәдениетін насихаттауда, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда ТҮРКІСОЙ мен Түркі академиясының зор рөл атқаратындығын баса айтты. «Түркі академиясын құру туралы келісім әлі күнге дейін толығымен ратификацияланған жоқ. Хатшылықтың қаржылық ережесі туралы келісім де дәл осындай күйде тұр. Бұл құжаттар толық күшінде осы жылдың соңына дейін іске қосылуы қажет», - деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Соңғы жаңалықтар