Е. Ыдырысовтың Буэнос-Айресқа сапары аясында Қазақстан азаматтарының Аргентинаға визасыз сапар шегу мүмкіндігі қарастырылуда

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Оңтүстік Америка бойынша жалғасып жатқан турне аясында 1 қазан күні Буэнос-Айрес қаласында болды. Бұл - ҚР Сыртқы істер министрінің Аргентинаға алғашқы ресми сапары, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан тарапының Аргентинаға деген қызығушылығы кездейсоқтық емес.

Аргентина аймақтағы ірі экономиканың бірі болып саналады және Бразилиямен қатар G-20 тобының қатарына кіреді. Елде алдыңғы қатарлы технологиялармен түрлі салаларды қамтамасыз ететін қолданбалы ғылым белсенді дамуда.

Осы мәселелердің барлығы Ерлан Ыдырысовтың аргентиналық іскер топтармен кездесуі барысында талқылау тақырыбы болды. Бұл кездесу министр сапарының бағдарламасын ашты. Табиғи газды қайта өңдеу жөніндегі технологиялармен алмасу мүмкіндігі, сонымен қатар басқа да мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері YPF Аргентина ұлттық компаниясының басшылығымен кездесу аясында талқыға салынды. Ұлттық сала мүддесін көздейтін Аргентина мұнай Кеңесінің өкілдері өз кезектерінде Қазақстанмен ғаламдық деңгейде ынтымақтасуға қызығушылық танытты.

Аргентина ет өндіру ассоциациясының өкілдерімен өткен кездесу екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін айқындады. Аргентина сиыр етін өндіру бойынша ғаламдық көшбасшы болып табылады және олардың ауылшаруашылық зерттеу ұйымдары осы саладағы өздерінің жаңа ғылыми зерттеулерімен қазақстандық әріптестерімен бөлісуге дайын.

Екіжақты қарым-қатынастың барлық спекторы, сондай-ақ ғаламдық мәселелер Е.Ыдырысовтың аргентиналық әріптесі Хектор Тимерманмен кездесуі барысында талқыға салынды. Тараптар даму басымдықтарының ұқсастығын, халықаралық сипаттағы мәселелер бойынша көзқарастар мен ұстанымдардың жақындығын атап өтті. Сонымен қатар, министрлер саяси кеңестерді іске қосу механизмі туралы және ресми делегацияларды визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қоя отырып, екіжақты ынтымақтастықты белсендендіруге келісті. Қазақстандық министрдің шақыруымен, Х.Тимерман 2014 жылы Астанаға келуді жоспарлап отыр.

Е.Ыдырысов Х.Тимерманның Астанаға жауапты сапары кезінде тиісті келісімге қол қойып, келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары Аргентинаға визасыз сапар шегу мүмкіндігіне қол жеткізуі үшін, өзінің аргентиналық әріптесімен екі ел арасында жақын арада толығымен визалық талаптардан босату жөнінде келісім бойынша жұмыстарды бастауға келісті.

Қазақстандық министрді елдің Парламентінде де жылы қабылдады, онда Е.Ыдырысов Сенат Спикері - елдің Вице-президенті Хорхе Домингеспен және депутаттар Палатасының Төрағасы Амаду Будумен келіссөздер өткізді. Аргентиналық заң шығарушы органында екі елдің парламенттері арасында тығыз байланыс орнатуға шақырып, өздерінің қазақстандық әріптестерін Буэнос-Айреске шақырды және Астанаға келуге қызығушылық танытты.

Қазақстандық делегацияның Аргентинада болу кезінде аргентиналық тарап Қазақстанға аймақтық көшбасшы ретінде және ғаламдық деңгейдегі жауапкершілігі мол мемлекет ретінде қызығушылық танытатындарын жасырмады. Аргентина өзіне сенімді әріптес іздеуде және өзі үшін жаңа аймақтарда өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын. Еуразияда осындай ел ретінде Аргентина өзіне Қазақстанды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар