ЕАЭО әлемнің жетекші экономикалық «үштігіне» енуі мүмкін - ресейлік сарапшы
Сарапшы ЕАЭО әлемдік экономикалық жүйені тұрақтандыратын күш ретінде маңызды рөл атқаратынын айтты. А.Пильконың атап өтуінше, еуразиялық бірлестіктің Қытай және Еуропамен байланысты дамыта түсетін мүмкіндігі бар.
«Еуразиялық жоба жетекші жаһандық орталықтың «үштігіне» ене алады. Бұл ретте Еуропалық Одақпен және Қытаймен қарым-қатынасты орнату жаһандық экономикаға әсер ететін экономикалық ортаны құруға жол ашады», - деді ол. Өз кезегінде ЕурАзЭҚ институтының директоры Владимир Лепехин аймақтағы елдердің экономикалық интеграциясының алғашқы сатысы ретінде қызмет пен тауарды кедергісіз өткізуге бағытталған Кедендік Одақ болғанын атап өтті. Алайда елдер арасындағы интеграция үрдісі бүгін жаңа кезеңге өтуде. "ЕАЭО - бұл көпмерзімді, стратегиялық көпфункциялы кеңістік, - деді сарапшы. - Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық және геосаяси маңызы бар негізі формат болып қалыптасуда ".