ЕАЭО ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялық-асылдандыру жұмыстарын біріздендіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ауқымынлда ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялық-асылдандыру жұмыстарын біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлады БЕЛТА-ға ЕЭК бакспасөз қызметі.
«Құжатты қабылдау асыл тұқымды мал шаруашылығында келісілген саясат жүргізуге негіз қалайды, бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімдер өндірісі көлемін өрістету, мал шаруашылығында өнімділікті арттыру, импорттық асыл тұқымды материалдарға тәуелділікті төмендету мақсатында ЕАЭО елдерінің жұмысын үйлестіріп отыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Сергей Сидорский.
Құжат асыл тұқымды өнім өндірісі спаласындағы бірыңғай талаптарды белгілейді, малдардың асыл тұқымдылығын бағалау әдістемесін біріздендіреді. Сондай-ақ келісім асыл тұқымды малдар мен селекиця жетістіктері туралы мәліметтермен алмасуды және ЕАЭО елдерінің жұмыс істеп тұрған мекемелері базасындағы селекциялық-асыл тұымды мал өсіру жұмыстарын үйлестіруді көздейді.
Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдері арасындағы ауыл шаруашылығы тауарларының өзара саудасына бұрмаланған ықпал ететін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың рұқсат етілген деңгейі есебінің әдістемесін мақұлдады.