ЕАЭО аясындағы кедергілердің ымыра тізілімін әзірлеу қажет - Беларусь үкімет басшысы

«Біздер талқылауымыз қажетті одан ары дамуымыздың басты факторларының бірі өзара саудадағы алымдар мен шектеулерді жою болып отырғаны сөзсіз. Еуразиялық экономикалық комиссияның сараптамалық баяндамасында аталып өткендей, біздерде кедергілер мен алымдардың тізімі бар», - деді А.Кобяков.
Оның атап өтуінше, аталған кедергілер мен алымдардың бірқатар комиссия алаңында талқылану үстінде. Ал кейбір мәселеде барынша белсенді іс-қимылдарды жүзеге асыру қажет.
«Біз барлық тараптар үшін барынша өзекті мәселелердің бар екендігін түсінеміз. Оларды біз жеделдетуге немесе экономикамыз бейімделуі үшін көшпелі кезеңге ысыруға дайын емеспіз. Одан да біздің комиссияға қандай да бір ымыра тізілім әзірлеуді тапсырайық. Олар бойынша барлық тараптар бүгін жылдам ілгерілеуге келісетін болсын. Мүше мемлекеттерден ұсыныстар жинайық және біздер жеделдетуге дайын болып отырған ұстанымдары таңдап алайық», - деді Беларусь Үкіметінің басшысы.