ЕАЭО аясындағы ықпалдастық Қазақстан үшін тек жағымды әсерге ие - М. Бәшімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық Қазақстан үшін тек жағымды әсерге ие болады және тек Қазақстанға ғана емес, барлық мүше мемлекеттерге тиімді.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сарапшылық институттың директоры Марат Бәшімов мәлім етті.

"Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы - мен үшін маңызды оқиғалардың бірі. Себебі мен ММУ-де өткен дәріске қатысқанмын. 1994 жылы мен Мәскеу мемлекеттік университетінде сабақ бердім. Мені университет проректоры шақыртып, "Марат, ертең сіздердің президенттеріңіз келеді" деп xабар берді. Сол кездегі жағдайды айтайын, 1994 жыл: бізде құлдырау, қандай ықпалдастық туралы айтуға болады?! Ақша жоқ, көбі мектептен базарға кетіп жатты. Отбасын асырау үшін елдер барлығын істеді", - деп еске алады М. Бәшімов.

"Мемлекет басшысы сол кезде профессорлар алдында, университеттің барша ғылыми кеңесінің алдында тұрып: "Біз Ресеймен экономикалық байланыстар орнатпай, экономикалық интеграциясыз өмір сүре алмаймыз. ЕАЭО - біздің болашағымыздың серпіні", - деді Президент. Профессорлар оның мұндай ұсынысына қайран қалды. "Сіздердің Президенттеріңіз - өте көреген адам", - деп мойындап жатты. Қазір қарап отырсақ, ЕАЭО уақытында қолға алынып, алмағайып заманда, ең қажет тұста құрылды", - деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар