ЕАЭО болашақта жаңа әлемдік экономика архитектурасының маңызды құрылымдық элементі болуы мүмкін - Л. Мұзапарова

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО болашақта жаңа әлемдік экономика архитектурасының маңызды құрылымдық элементі болуы мүмкін. Мұндай пікірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еуразиялық интеграция: жаңа белестерді ашу жолында» атты сарапшылар талқылауында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Лейла Мұзапарова білдірді.
None
None

«2015 жылды біз экономика мен саяси қарым-қатынастар саласындағы жаһандық өзгерістерге толы тарихи кезеңнің бастау алатын жылы ретінде қарастырамыз. Осы тұрғыда ЕАЭО болашақта жаңа әлемдік экономика архитектурасының маңызды құрылымдық элементі болуы мүмкін. Армения мен Қырғызстанның одаққа енуі ЕАЭО-тың дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, маман Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы ЕАЭО-ның аралық нәтижелерін талдап өтті.

«Қазақстандық көзқарас тарапынан келесідей мәселелерді атап айтуға болады: одақтың жұмысы басталғалы бері қазақстандық тауарлардың Ресей мен Беларусь елдеріне экспортталуының кенет ұлғаюы басқа бағыттардағы экспорттың да көбеюіне негіз болды. Дегенмен, 2011 жылдан бері өзара сауда-саттық қарқынының азайғанын да көруге болады. Бұл көрсеткіш Кеден одағы қалыптасқалы бергі уақыт аралығында едәуір байқалып отыр», - дейді Л. Мұзапарова.

Айта кетейік, сарапшылар талқылауы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қою күніне бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің өзара әрекеттесуінің маңызды мәселелері, ағымдағы жағдайы, тиімді интеграиялық үдерістерді тежейтін мәселелерді шешу жолдары және басқа да тақырыптар талқыланды.

Соңғы жаңалықтар