ЕАЭО елдеріндегі электронды сатып алу үлесі 2015 жылы 60 % болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО елдеріндегі электронды сатып алу үлесі 2015 жылы 60 %-ға жетеді. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан «Электрондық мемлекеттік сатып алулар, саудадағы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету: еуразиялық интеграция тәжірибесі мен перспективалары» атты конференцияда ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов айтты.
None
None

«Үш елдегі (Қазақстан, Ресей, Беларусь) электрондық сатып алу үлесі бүгінгі таңда 42 пайызды құрап отыр, енді біз бұл көрсеткішті 2015 жылы 60 пайызға жеткізбекпіз», - деп атап өтті ол.

Ол сонымен қатар электрондық сатып алу үдерісінің Кеден одағы елдеріне тигізетін пайдасын да жан-жақты атап өтті.

«Электрондық сатып алудың артықшылықтары өте көп. Атап айтар болсақ, ол - ашықтық пен қолжетімділік, уақыт үнемдеу, мемлекеттік тапсырыстарға сатып алу үдерісінің нәтижелерін оперативті түрде алу, қаражатты үнемдеу, жемқорлық шараларды азайту, сатып алуларды жүргізу уақытын азайту және мәліметтер базасын қалыптастыру. Айта кетейік, 2012-2014 жылдар аралығында біз осы мемлекеттік сатып алу саласындағы ұлттық заңнамаларымызды біріздендірдік. Ендігі кезекте келісімдерді электронды түрде жасауға қол жеткізу мәселесі тұр. Бұл жұмысты біз 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Н. Алдабергенов.

Соңғы жаңалықтар