ЕАЭО құрылуы - Елбасының көрегендікпен болжаған жаһандық ықпалдастық үдерістері дамуының заңды қорытындысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы - Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көрегендікпен болжаған жаһандық ықпалдастық үдерістері дамуының заңды қорытындысы. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов білдірді.
None
None

Жуырда Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанын атап өткен депутат: «Бұл - одақтас үш елдің келешек тағдыры жаңа арнаға бұрылған, маңызы зор тарихи кезең болып табылады. Ол ортақ экономика мен оған қатысушылардың ынтымақтасу еркіне негізделген жаңа еуразиялық жақындасу орталығының қалыптасқанын паш етті», - деді.

Оның атап өтуінше, 20 жыл бұрын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Еуразия кеңістігінде экономикалық бірлестікті құру туралы бастамасы одақтас елдерде жалпыхалықтық қолдауға ие болып, қазіргі кезде нақты ақиқатқа айналды. Еуразиялық ықпалдастық Қазақстан, Беларусь және Ресейдің орнықты экономикалық өсіп-өркендеуіне және халықтарының әл-ауқатын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашылатын сапалық тұрғыдағы жаңа сатыға көтерілді.

«Экономикалық одақтастықтың құрылуы - Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көрегендікпен болжаған жаһандық ықпалдастық үдерістері дамуының заңды қорытындысы болғанын ерекше атап өткім келеді», - деді А.Бижанов.

Соңғы жаңалықтар