ЕАЭО құрылымында жаңа еңбек көші-қоны департаменті жұмысын 1 наурыздан бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақта ЕЭК кәсіпкерлік қызметін дамыту департаменті дайындаған «Еуразиялық экономикалық одақтағы еңбек көші-қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету» атты кітапшаның таныстырылымы өтті.
None
None

Шараға ЕЭК Экономика және қаржы саясаты алқасының мүшесі Тимур Сүлейменов, ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері Елшілігінің қызметкерлері, Ресей Федерациясындағы қатысушы елдер диаспорасының, халықаралық ұйымдар - Халықаралық көші-қон ұйымы, «Еңбек көші-қоны» халықаралық альянсы», Жалпыға бірдей кәсіподақ конфедерациясы, Ұжымдық қауіпсіздік Шарты ұйымы өкілдері қатысты.

Тимур Сүлейменов атап өткендей, «ЕАЭО құрылуы себеп болған экономикалық мәселелерді шешуде адам капиталын айналып өту мүмкін емес, бұл мәселеге елеулі назар аударылады. Сондықтан да биыл Еуразиялық экономикалық комиссия оның құрылымына тиісті өзгерістер енгізіп, жаңа еңбек көші-қоны департаментін құрады. Ол осы жылғы 1 наурыздан бастап жұмыс істей бастайды.

ЕАЭО шарты аясында көші-қон саясаты саласында бірқатар елеулі алға жылжулар бар. Мысалы, реципиент елдер азаматтарымен тең құқық пен артықшылықты алғысы келетін Одақ азаматтарына қатысты ұлттық қорғау шараларын қолданбайды. Шарттың маңызды жаңалығы ЕАЭО елінде тұру уақытын ұзарту үшін қосымша жүріп-тұруларсыз еңбек шартының барлық мерзімі ішінде сол жерде тұрудың бекітілген мүмкіндігі болып табылады.

Одақ туралы шартта көрініс тапқан бірқатар маңызды қадамдар бар.

Соңғы жаңалықтар