ЕАЭО мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылады

Отырысты ашқан К.Мәсімов халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын әзірлеу мәселесіне және одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту әдістеріне ерекше назар аударылатындығын атап өтті.
«Бүгінгі отырыстың маңызды оқиғасы Вьетнам Социалистік Республикасымен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою болмақ. Бұл біздің одақтың басқа мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынасты дамыту тарихындағы алғашқы қадам», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ЕАЭО белгілі бір әлеуеті бар ірі ойынша ретінде қалыптасуда. Ал онымен ынтымақтасу кез келген мемлекетке зор пайда әкеледі.
«Одақтың әлеуетті серіктестерін іріктеу барысында біз оның мемлекеттерімізге қаншалықты тиімді екендігін басты ұстаным ретінде қарастыруымыз қажет. Меніңше, біздерге табысты технологиялық дамыған, инвестициялық тұрғыда тартымды әрі болашағы бар экономикалармен ынтымақтастыққа бағыт алуға тиіспіз», - деді К.Мәсімов.