ЕАЭО-ны құруда ешқандай астыртын жоспарлар жоқ - ҚР СІМ басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақты құруда ешқандай астыртын жоспарлар жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада ЕАЭО туралы келісімге қол қойылуына байланысты өткен брифингте ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

ЕАЭО аясында келмеске кеткен Кеңес Одағын құрылып жатыр деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайтынына тоқталған министр: «Атап айтқанда үш мемлекеттің басшыларының мәлімдемесі кезінде бұл тақырып бойынша нақты айтылған болатын және олар ЕАЭО аясында мүлдем басқа жағдайды айқындап отыр. Осы келісімнің арғы жағында ешқандай жасырын әрекеттер мен астыртын жоспарлар жоқ», - деді. Осы орайда Е. Ыдырысов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикалық әлеуетті арттыруды мақсат етіп қойғанын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ жабық ұйым емес екенін қадап айтты. «Біз бастапқы қадамдардан бастап ЕАЭО жұмысы барысында тек теңдік пен ашықтық ұстанымдарына екпін қойылатынын келісіп алдық», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар