ЕАЭО xалықаралық деңгейде мойындалды - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО xалықаралық деңгейде мойындалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов мәлім етті.
None
None

"Еуразиялық экономикалық одаққа көптеген мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Бұл - ұйымның xалықаралық деңгейде мойындалғандығы. Одақ мемлекеттері бүгінде өте мықты дамыған адами капиталмен және жақсы жағдайлармен қамтылған іскерлік ортасымен бәсекеге түсе алады. ЕАЭО-ның өзге одақтардан ерекшелігі сол", - дейді сарапшы.

Оның еске салып өткеніндей, ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылды. Және биылдың өзінде оған тағы екі мемлекет - Армения мен Қырғызстан қосылды. Сонымен бірге Вьетнаммен бірге еркін сауда аймағын құру бойынша келісімшарт жасалды.

"Жалпы алғанда, ықпалдастық бірлестікке көптеген елдер қызығушылық танытты. Жеке елдермен ғана емес, ірі бірлестіктермен де әріптестіктің түрлі жолдары қаралып жатыр. Бұл ЕАЭО және ТМД аясында ықпалдастықтың жоғары әлеуетін көрсетеді", - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар