20:43, 10 Қараша 2025 | GMT +5
Едіге Емберді ауыр атлетикадан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі бірдей медальға қол жеткізді.
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті.
Алдымен спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды.
Кейін серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Емберді қоссайыстың қорытындысы бойынша (343 келі) қола медальға қол жеткізді.
Осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден күміс жеңіп алғаны туралы жаздық.