ЕЭК ЕО-ның Community Trademark-ке ұқсас тауарлық белгілер туралы келісімді әзірледі

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) ЕО-ның Community Trademark-ке ұқсас тауарлық белгілер туралы келісімді әзірледі.
None
None

Бұл туралы бүгін АЭФ аясында өтіп жатқан «Зияткерлік меншік құқықтарын интернет желісінде қорғау: мәселелері мен келешегі» панельдік сессиясында ЕЭК-тің экономика және қаржылық саясат жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«Атап айтқанда, бұл құжат әзірленіп, жақында вице-премьерлердің қарауына ұсынылады, кейін осы «Тауарлық белгілер туралы» келісім мемлекет басшылары деңгейінде қаралады. Еуропалық одақтағы Community Trademark-ке ұқсас бұл маңызды келісім Еуразиялық экономикалық кеңістіктің «сауда белгісі» түсінігін енгізеді. Осы арқылы бұндай сауда белгісін құрып, біз барша мемлекет аумағында бірыңғай қорғау мүмкіншілігін аламыз және өзіміз білетіндей, «кеңестік брендтер» деп аталатын жайттардағыдай жанжалдық оқиғалардың болуы мүмкіншілігін жоямыз»,-деп атап өтті Т. Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар