ЕЭК кеңесі ЕАЭО-да бірыңғай қызмет нарығының жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады

Шараға ЕЭК кеңесінің мүшелері - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Армения Республкасы вице-премьері-министрі, халықаралық экономикалық ықпалдастық және реформалар министрі Ваче Габриелян, ЕЭК Алқасының төрағасы Виктор Христенко, сондай-ақ ЕЭК Алқа мүшелері қатысты.
ЕЭК кеңесінің мүшелері экономика, және қаржы саясаты, сауда, ықпалдастықты және макроэкономиканы дамыту, өнеркәсіп салаларындағы бірқатар мәселелерді талқылады.
ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ ауқымындағы бірыңғай қызметтер нарығы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы туралы ереже және оның құрамы бекітілді. Жұмыс тобы құрамы Армения Респуьбликасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан мүше-мемлекеттердің бейіндік өкілетті өкімет органдарының, сондай-ақ комиссияның лауазымды тұлғаларының ұсыныстары ескере отырып қалыптастырылды. ЕЭК Алқасының экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (министрі) Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен жұмыс тобы Одақ ауқымында бірығай қызметтер нарығы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды комиссия мүше-мемлекеттері үшін әзірлеуді жүзеге асыратын болады. Оның шешімдері ұсынба сипатында болады.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тұрақты жұмыс істейтін ұлтүсті реттеуші органы, ол жұмысын 2012 жылы 2 ақпанда бастады. Қазіргі кезде ЕЭК-ке төрт елдің: Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері кіреді.
2014 жылғы 29 мамырда КО және БЭК қатысушы-елдері Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде шартқа қол қойды.