ЕЭК қызметтерді сату, мекемелер және қызметтерді реттеу ережесі жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы қызметтерді сату, мекемелер және қызметтерді реттеу ережесі жобасын мақұлдады.

ЕЭК қызметтерді сату, мекемелер және қызметтерді реттеу ережесі жобасын мақұлдады

ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі реттеу талаптары мен процедуралары бизнес үшін, сонымен қатар толықтай алғанда елдердің экономикасы үшін бірқатар теріс салдары бар. Бұған одақ мемлекеттерінің кәсіпкерлік қызметтерін реттеудегі ортақ тәсілдің болмауы түрткі болуда. Бұған қоса, қолданыстағы ережелер кейде кәсіпкерлік субъектілерге жүктемені күшейтіп, бірқатар кедергі туындатады.

Ал комиссия әзірлеген ережелер жиынтығы орын алып отырған тәжірибені айтарлықтай өзгеріске ұшыратады. Құжат одақ елдерінде кәсіпкерлік жүргізу үшін жағдайларды жақсартып, мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба ережесі ілгері халықаралық тәжірибені, интеграциялық бірлестіктер мен ЕАЭО елдерінің үздік тәжірибесін ескереді. Ең алдымен құжат қызметтерді сату, мекемелер мен қызметтерді реттеу ұстанымдарының одақтың барлық елдері үшін бірегей негіздегі кәсіпкерлік қызметтерін реттеудің кешенді тәсілдерін қарастырады.

Мәселен, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамаларында жеткізу қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілерден талап етілетін рұқсаттар мен ескертулердің жан-жақты тізбесін бекітетін болады. Бұл заңсыз іс-қимылдар фактілерін төмендетеді, сонымен қатар лицензиялық-рұқсат беру және ескерту жүйесін құрылымдауға мүмкіндік береді, оны барынша ашық, түсінікті жасайды. Одаққа мүше мемлекеттердің құзіретті органдары мен тұлғаларына әкімшілік және қаржылық жүктемені төмендетеді.

Ережелер жобасы ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің келісімі бойынша комиссия тарабынан әзірленген.

Реттеуші іс-иқмылдарды бағалау барысындағы жария талқылаулар мен процедуралар аясында құжатқа одақ елдерінің бизнес-қауымдастықтары тарабынан берілген ұсыныстар ескерілді. Ереже жобасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес тарабынан бекітіледі. Комиссияға жыл сайын Жоғары еуразиялық экономикалық кеңеске ережеде қарастырылған ережелердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді жүзеге асырылуы туралы ақпарат беру тапсырылады.

ЕЭК алқасының шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне ЕАЭО-дан басқа елдердің аумағына көмірді сату барысында экспортқа арналған ренталық салықтың елде алынуының жойылуы бойынша шаралар қабылдау және қабылданған шаралар туралы ЕЭК-ке ақпарат беру ұсынылады. Бұл одақтас елдердің кәсіпкерлерінің шығыстарын төмендетеді және ЕАЭО аясында бизнес жүргізу жағдайдарын теңестіреді.