Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕЭК өкілі ЕАЭО-да автокөлікті одан әрі дамыту туралы әңгімеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Еуразиядағы Халықаралық автокөлік одағының өкілдігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және ТМД үйлестіру көлік кеңесінің атқару комитеті «Еуразияда халықаралық автомобиль тасымалын дамытудағы жаңа үрдістер» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

ЕЭК өкілі ЕАЭО-да автокөлікті одан әрі дамыту туралы әңгімеледі

Конференцияның ашылуында ЕЭК көлік және инфрақұрлым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов ЕАЭО-дағы көлік саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ және оған сәйкес құрылатын көлік қызметінің ортақ нарығы және бірыңғай көлік кеңістігі туралы айтып берді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Е.Нұрахметов халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандыру перспективаларына қатысты оның қатысушыларының бірыңғай пікірін ойластыру үшін халықаралық конференция алаңының маңызын атап өтті.

Сондай-ақ конференция ауқымында «ЕАЭО ауқымында халықаралық автомобиль жүктерін тасымалдаудың ортақ нарығын құру» тақырыбында ЕЭК дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел барысында автомобиль жүк тасымалдары нарығына қол жеткізуге қолайлы жағдай туғызу және Одақ ауқымындағы халықаралық автомобиль тасымалдаушыларына көлік бақылауының тиімді жүйесін құру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар Одаққа Қырғыз Республикасының қосылуын ескере отырып, көлік (автомобиль) бақылауын жүзеге асыру тетіктерін қарады.

Одақ аясында каботаждық автомобиль жүктерін тасымалдауды ырықтынадыру мәселесіне баса назар аударылды. 2015 жылғы 1 шілдеге қарай Одақ мүше-мемлекеттерінің басшылары 2016-2025 жылдарға кезеңде тасымалдаушылардың каботаждық автомобиль жүктерін тасымалдауды орындауын кезең-кезеңімен ырықтандыру бағдарламасын қабылдайтын болады.