ЕЭО мемлекеттердің халықтары үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ барлық ұлттық мемлекеттердің халықтары үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс. Бұл туралы бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбында дәріс оқыған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Ең алдымен, біз ЕЭО-ның 21-ші ғасырдың бірінші жартысындағы басты миссиясы екі маңызды аспектіге негізделетіндігін түсінуіміз қажет. Біріншіден, әлемнің басты макроэкономикалық микроөңірінің бірі болуы қажет. Сарапшылардың есептеулері бойынша, осы жүзжылдықта экономикалық гравитацияның әлемдің орталығы шығысқа, Азияға, оның ішінде біздің болашақ экономикалық одағымызға жылжиды. Қараңыздаршы, біз Еуродақ пен Азия-Тынық мұхиті өңірі сынды ірі өндірістік алаптардың арасында орналасқанбыз. Бұл бізге шығыс пен батыстың, Азия мен Еуропаның арасында экономикалық көпір болуымызға табиғи мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

Сонымен қатар ҚР Президенті ЕЭО бір аймақтан келесіге тауарлар мен технологияларды өткізетін қарапайым делдалға айналмауы қажеттігін баса айтты. Яғни, ЕЭО трансұлттық шекаралар үшін жаһандық инновациялар мен тартылыстардың жаңа орталығына айналуы қажет.

«Екіншіден, біздің интеграция миссияның маңызды құрамдасы әрбір қатысушы елдің әлемнің барынша дамыған мемлекеттері қатарына қосылуын қамтамасыз етуге негізделген. Еуразиялық экономикалық одақ барлық ұлттық мемлекеттердің халықтары үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс».

Соңғы жаңалықтар