12:49, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Egov электронды форматта 840 мыңнан астам рұқсатнамалар берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Электронды үкімет» порталы «Е-лицензиялау» мәліметтер базасының жұмысы барысында 840 мыңнан астам рұқсатнамалар берген. Бұл туралы бүгiн өтiп жатқан әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференция барысында елiмiздiң ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлiм еттi.

Оның сөзінше, 2012 жылдан бері, яғни «Е-лицензиялау» іске қосылғалы барлық 86 түрлі лицензия мен 435 рұқсаттар автоматтандырылды.
«Е-лицензиялау» іске қосылғаннан бастап 847 мыңнан астам рұқсатнамалар беріліп, оның ішінде тек 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 249 мың рұқсатнамалар табыс етілді», - деді С. Сәрсенов.