Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

eGov пен мемлекеттік органдардың сайттары неге істемей қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде электрондық үкімет порталы мен мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарына кіруде уақытша қиындықтар туындады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары ақаудың себебін түсіндірді.

Какие новые функции появятся в личном кабинете казахстанцев в eGov
Коллаж: Kazinform/ИИ

Компанияның мәліметінше, сыртқы интернет-трафик белсенділігінің артып, ұлттық цифрлық инфрақұрылымды қорғауға арналған арнайы механизмдердің іске қосылуына себеп болған.

– Олар сыртқы белсенділікке дер кезінде жауап беріп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір трафик қалпына келтірілді, мемлекеттік цифрлық ресурстарға қолжетімділік штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Компанияның мәліметінше, мамандар жағдайды бақылауды жалғастырып, сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Соның өзінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақау болғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Бұған дейін, Мемлекеттік кірістер комитеті ведомствоның цифрлық жүйелері 21 тамыз күні сағат 12:30-дан 16:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болғанын хабарлаған. Қазір олардың жұмысы қалпына келтірілді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 11 тамызда Қазақстанда жаңартылған eGov 3.0 порталы іске қосылған болатын.