15:42, 24 Қаңтар 2025 | GMT +5
eGov-тағы ақау. Авиация комитеті әуежай жолаушыларына ескерту жасады
— «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауларға байланысты eGov порталының бірқатар қызметі мен eGov Mobile мобильді қосымшасы уақытша қолжетімсіз. Цифрлық құжаттардың уақытша жүктелмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруді ұсынамыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, бірнеше мемлекеттік порталдың жұмысынан техникалық ақау шықты.
Кейіннен Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие екенін мәлім етті.