Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕИБ «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру үшін 220 млн. еуро бөледі

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) «Қазақстан даму банкі» мен «Ресей Жинақбанкі» АҚ-ның қазақстандық еншілес банкіне жалпы сомасы 220 млн. еуро кредит беру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады ЕИБ баспасөз қызметі.

ЕИБ «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру үшін 220 млн. еуро бөледі

Аталған соманың 120 млн. еуросы «Қазақстан даму банкіне», 100 млн. еуросы «Ресей Жинақбанкі» АҚ-ның қазақстандық ЕБ-ге беріледі. «ЕИБ алғаш рет беріліп отырған қарызы шағын және орта бизнес субъектілерінің ұзақмерзімді қаржыландыруға қолжетімділігін жақсарту арқылы жеке секторды дамытуға ықпал ететін болады. Олар қазақстандық экономиканың салалық әртараптандырылуын ұлғайтатын жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, ЕИБ-нің жеңілдікпен беріп отырған қаражаты Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясын іске асыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Вильгелм Мольтерер.

Еуропалық инвестициялық банк ірі ресми әлемдік кредиторлардың бірі болып табылады. Оның 59 ел мен аумақта жобаларды қаржыландыру бойынша кредиттік операцияларды жүргізуге мандаты бар. 2010 жылғы сәуірде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Бельгияға жұмыс сапары шеңберінде ҚР-дағы банктің қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы негіздемелік келісімге қол қойылған болатын.