Екі өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
АCТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Жамбыл облыстары аумағындағы республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Қарағанды облысы:
31 желтоқсан күні сағат 04:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» 592-750-шақырым аралығы (Балқаш қаласы - Жамбыл облысы шекарасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысы:
31 желтоқсан сағат 04:30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2005-2152-шақырымы аралығында (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Аталған жол учаскелерін бүгін сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, кеше Абай облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты жол жабылды.